ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕГІ СМАРТ-КЕНІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

«Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылыми техникалық кеңесінің 27.12.2012 шешімі негізінде «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұйрығымен (№ 09  25.01.2013 ж.) «Тәжірибелік-өндірістік интелектуалды кенорны «Смарт-Кені» жобасының (ары қарай- Жоба) техникалық-экономикалық негіздемесін дайындайтын Жұмыс тобы құрылды және жобаны іске асыру шараларының жоспары бекітілді (21.02.2013 ж.).  

Смарт-Кенінің орналасатын жері ретінде «Мыңқұдық» кенорнының «Орталық» учаскесі таңдалды. Жоба бойынша жұмыстар, барлау және бірінші жылдан бастап іздеу-бағалау жұмыстарын қоса есептегенде, алты жыл жүргізіледі. Смарт-Кенінің жылына факті бойынша өнімділігі 200-250 тонна, ал номинал өнімділігі 450-500 тонна уранды құрайды. Жұмыс жоспары алты тәжірибелік геотехнологиялық блокты ашуды және пайдалануды қамтиды.

Жобаның практикалық мақсаты табиғи уранды жер асты шаймалау әдісімен өндіру мен өңдеудің өзіндік бағасын 10-нан 30 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды, техникалық және жобалық шешімдерді өндірістік және өндірісалды деңгейде сынауға және бейімдеуге қажетті жаңа деңгейдегі тау-кен уранөндіру кешенін ұйымдастыру және салу. Сонымен қатар:

- уранөндіру кәсіпорындарын салу мен пайдаланудың капиталдық шығындарын 10-15%-ға дейін төмендету;

- үнемді реагенттер мен жер асты шаймалау әдісінің қарқынын арттыру және қосымша товарлық өнімдер алу арқылы  өндіру мен өңдеудің өзіндік бағасын 10-нан 25 %-ға дейін төмендету;

- негізгі және қосымша қондырғылардың жаңа түрлерін пайдалану және химиялық реагенттерді тұтынуды оптимизациялау арқылы құнарлы ерітіндінің өңдеудің тиімділігін 10-нан 25 %-ға дейін арттыру;

- барлық технологиялық және өндірістік үрдістерді тиімді автоматизациялау арқылы 10-нан 25 %-ға дейін арттыру;

- жаңа материалдарды, қондырғыларды және альтернативті энергия көздерін пайдалану арқылы кәсіпорындардың энергия, ресурстиімділігін 10-15 %-ға арттыру;

- уран өндірілетін аймақтың экологиясы мен қоршаған ортасын реабидитациялаудың ғылыми негізделген шараларын апробациядан өткізу және пайдалану;

- Жобаны орындау барысында алынған интелектуалды меншікті, «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысуымен ұйымдастырылған, бірлескен уранөндіру кәсіпорындарында өндірістік пайдалану арқылы жобаның іске асырылу уақыты ішінде 10 млрд. тенгеге коммерциализациялау.