Экологиялық мәселелерді шешудегі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ амалдары

Қазақстанда  уран  қоры  мен ресурсы  1,7 млн. тонна және ол әлем бойынша   қоры мен ресурс көлемі бойынша екінші орында.

«Қазатомөнеркәсіп»ҰАКакционерлік қоғамы уран өндіруден  Қазақстан Республикасының ұлттық операторбола отырып 2012 жылы нәтижесі бойынша әлемдегі көшбасты орынын сақтап қалды. Компанияның  табиғи уранның  әлемдік нарықтағы үлесі барлық еншілес және тәуелді кәсіпорындарды қоса санағанда 20 пайыздан асады. Қазіргі өнеркәсіптің қарқынды өркендеуі жағдайында қоршаған ортаны техногенді қалдықтардың әсерінен қорғау ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ұлттық атомдық компания қоршаған ортаны сақтаудағы және табиғи ресурстарды үнемді қолданудағы  қоғам алдындағы өз жауапкершілігін толық сезінеді.

Компанияның қызмет реттейтін негiзгi заңдарға мыналар жатады:

1.      Атом қуатын пайдалануы туралы заң.

2.      «Халықтың радиациялық қауiпсiздiгі туралы» заңы.

3.      Экологиялық кодекс.

4.      «Халықтың салауаттылық санитарлық-эпидемиологиялық заңы».

5.      «Лицензиялау туралы»  заң.

Компанияның уранөндiруші  кәсiпорындарының  қызметін реттейтiн құжаттар

• Радиациялық қауiпсiздiктiң нормасы - РҚН - 99.

• Радиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар- РҚҚСТ - 2003.

• Радиоактивтi қалдықтармен жұмыс жүргізудің санитарлық ережесi (РҚЖСЕ - 97).

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК акционерлік қоғамының басты міндеттері: қызметкерлер еңбегінің қауіпсіздік шарттарын сақтау,  компания қызметкерлерінің және жақын маңда тұратын халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету  және радиологиялық, химиялық әсерлерден қоршаған ортаны қорғау.

Осыған байланысты «Казатомөнеркәсіп» ҰАК акционерлік қоғамында 12.04.12 жылдың № 59 бұйрық бойынша радиоактивтік қалдықтармен және басқа зиянды қалдықтармен жұмыс істеустратегиясын жасау үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмыстобы құрамына  мүдделі министрліктердің, ұйымдар мен шетелдік компаниялардыңөкілдері кірді.

Жұмыс тобының бекітілген Жоспарына сәйкес «Жоғарғы технологиялық институт» ЖШС «Радиоактивті қалдықтар Классификаторын»  және«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ радиоактивті және басқа да зиянды қалдықтармен жұмыс істеу стратегиясы» жасалды.

Стратегияның мақсаты: Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеустратегиясының мақсаты-осыған дейн жиналған, қазіргі уақытта және келешекте жиналатын радиоактивті қалдықтардың барлық түрлерімен қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қаржы, техникалық және адам ресурстарды пайдаланудың  халықаралық тәжірибесін ескере отырып, сенімді жүйе қалыптастыру

Компанияда өткізілетін жұмыстар ол жоғарғы тиімді қауіпсіз өңдеутехнологиясын жасау, техногенді қалдықтарды азайту және заласыздандыру, сонымен қатар атом энергиясын қолданудың зиянды жақтарынан қорғау мемлекеттік саясаты, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының «Қолданыстан шыққан ядролық отынмен және  радиоактивтi қалдықтарменқауiпсiзжұмыс істеу жөніндегі біріккен Конвенцияға» қосылуы аумағында қоршаған орта мен халықты қорғау.

Компания басты жоспарларды орындау үшiн үнемі әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады және «Казатомөнеркәсіп» ҰАКакционерлік қоғамы кәсіпорындарында ядролық, радиациялық және техника қауiпсiздiгіне, еңбектi және қоршаған ортанықорғау жұмыстарының жай-күйiне талдау жасайды. Еңбек және қоршаған ортанықорғау қызметтері компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейді. Өндiрiстiк объектiлеріндің  аттестация уақытында өткiзіледi. Қоршаған ортаны қорғау бойынша үнемі өндірістікэкологиялық және радиациялық бақылау жүргізіледі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК акционерлік қоғамының барлық кәсiпорындарында өнеркәсiптiк объектiлер қауiпсiздiктiң Декларациясы жасалып бекітілген. Мүмкiн апаттардың зардаптарды жою үшiн аттестатталған мамандандырылған бөлiмшелер мен қатар компанияның бас кеңсесiмен және ҚР төтенше жағдайлар министрлiгінiң бөлімшелерімен жедел байланысқа шыға алатын диспетчерлiк қызметтер құрылған. Еңбектi және қоршаған ортаны қорғаудыңбасқару жүйесінұдайы жетiлдiріп отыружәне экологиялық менеджмент пен персоналдың денсаулығы мен кәсiби қауiпсiздiгі менеджментінің халықаралық тәжiрибесiн енгiзуүшінжұмыстар жүргізеді.

Табиғатқа және адамдарға  қамқорлықпен қарау Қазатомөнеркәсіп» ҰАКакционерлік қоғамының  қызмет  жетiстiгiнің кепiлі болып табылады.