Қауіпсіз атом энергетикасы

Энергетика адамзаттың өміріне қажетті жағдайды қамтамасыз ететін, әлем экономикасының негізгі секторларының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта адамзат электр қуатын және жылуды алу үшін көбіне дәстүрлі энергетиканы қолданады, отын ретінде табиғат қорларын қолданады: отын, көмір, мұнай және газ.

Сонымен бірге, көмірсутектеріне негізделген  энергетика өзін –өзі жоюда, өйткені бірдей уақыт кезеңінде қорларды тұтыну олардың өсуінен бірнеше есе артығырақ.

Соған қарамастан жуық он жылдықта альтернативті жаңартылмалы энергетика көздері – күн, жел, жер асты көздерінің жылуы адамзатқа қажетті көлемде және сапада энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Белсенді түрде насихаттайтын «сутек» энергетикасы сондай-ақ көмірсутек энергетикасын алмастыра алмайды, өткені экономикалық тиімді бағада энергетика төртінші буынды реакторларда алынатын атом энергетикасымен бірге ғана дами алады.

Кәзіргі уақытта атом энергетикасы, энергетикалық мәселені шешуде қолбасшы болып табылады. Атом қуатын қолданудың артықшылықтары:

  • Қолданылатын отынның орасан зор қуат сиымдылығы. Ядролық отында қолданылатын 4% ға дейін байытылған уранның 1 киллограмы толықтай жанғанда, 100 тонна жоғары сапалы тас көмірдің немесе 60 тонна мұнайдың қуатына сай.
  • Регенерациядан кейін отынды қайта қолдану мүмкіндігі. Уран ядролық отында толығымен жанбайды сондықтан қайта қолданылуы мүмкін (органикалық отынның күл және қоқысына қарағанда). Келешекте түгелдей тұйық отын цикліне көшуі мүмкін, бұл қалдықтардың болмайтындығын көрсетеді.
  • Ядролық энергетика «парник эффектісін» тудырмайды. Жылсайын Европа елдеріндегі атом станциялары 700 млн. т СО2, ал Жапонда -270 млн. т СО2эммиссиясынан құтылуға мүмкіндік береді.Ресейдегі жұмыс істейтін АЭС-тер жылсайын 210 млн. т көмірқышқыл газының ауаға шығуынан құтқарады.

Қазіргі күні АЭС қауыпсыздігіне қойылатын талаптар өте жоғары, реакторлардың үлкен апатқа ұшырап адамдарды сәулеге шалдығып өлімге ұшырауының ықтималдылығы миллион жылда бір рет деп есептелген.

АЭС технологиялық жүйесінің құрастырылуы және қолданылуы радиоактивті заттарды қоршаған ортаға шығуын толық болдырмайды және мүмкін болатын шығулардың деңгейін қолданыстағы нормалардан асырмайды. Осы мақсат үшін атом станцияларында арнайы қорғаныш бөгеттері бар. Біріншіден, отын отын түйнегінің ішінде орналасқан. Әрмен қарай, отын өзегі қорғаныш қабықшасы зиянды өнімдерді сыртқа шығып кетуіне ерік бермейді. Келесі бөгет бұл реактордың корпусы және құбырлар жүйесі. Және ақырында қорғаныш қабықшасы (қауыпсыздық қабықшасы). Қалдықтар күрделі тазарту жуйесін өтеді, дұрыс жұмыс жасалғанда радиоактивтіліктң сыртқы ортаға шығып кетуі, қатаң көрсеткіштер мөлшерінен аспайды.

Француз профессоры Бруно Комби – мамандығы бойынша ядрошы, тәуелсіз ғалым және «Табиғат қорғаушылар атом қуатына қарсы емес» Халықаралық қауымдастығының негізін салушы, өзінің бір сұхбатында былай атап өткен: «Есте болсын, қателіктер барлық өнеркәсіпте болады, бірде біреуі кіршіксіз емес, және нөлдік қауып-қатер болмайды. Алайда, басқа да энергетика саласына қарағанда, атомға БАҚ назары барынша аударылған, ол қоғамның қатаң бақылауында және қысымында сондықтан айрықша қауыпсыз болып табылады...».

Осылайша, әлбетте бүкіл әлем үшін жақын он жылдықтарда нағыз балама энергия көзі болып, тек ядролық энергетика табылады және оның дамуына, жалғыз, шынында маңызды бөгет болатын ол, қызметкерлері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.