Зияткерлік меншікті басқару және коммерциялау бөлімі (Жетекші  тех. ғыл. канд., Қайпбаев  Дүйсетай , d.kaipbaev@iht.rz;)

Қызмет бағыттары:

  • Ғылыми-зерттеу, жинақты ғылми-техникалық және технологиялық зерттемелерді іске асыру барысында қол жеткен зияткеркерлік қызмет  нәтижелер құқығын дер кезінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ немесе еншілес, тәуелді және бірігіп-бақылайтын мекмелерге заңды түрде бекіту саласында қызмет көрсету.
  •   Компаниядағы зияткерлік меншікті басқару саласына қажетті нормативті жергілікті құжаттар негіздерін жасақтау, үйлестіру және бекіту.
  •   Патенттік, техникалық, құқықттық сараптама жүргізу, коммерциялық тиімді зияткерлік меншік объектілерін анықтау, олардың құнын бағалау және коммерциялық пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Компьютерлік ақпарат жүйесі «Білім базасын» жасақтау, дамыту және оны мерзімді уақытта ғылыми-техникалық ақпараттармен толықтыру.

Жұмыс нәтижелері

  • Патенттеу қызметі ұйымдастырылған мерзімнен бері өнертабыстарды  қорғау  құжатын алуға 150 өтінім және авторлық құқықты уәкілдік органға тіркеу туралы 27 өтінім берілді.   Оның ішінде 80 өтінім «ЖТИ» ЖШС атынан берілген.
  • Осы уақыт арасында 117 өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаты алынып, бүгінде күшін сақтайтын болса, олардың 67-нің патент иеленушісі «ЖТИ» ЖШС болып табылады.
  • Құрамы 16  порталдан тұратын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компьютерлік ақпарат жүйесі «Білім базасына» 17 000 астам толық тексті файл енгізілген (көлемі 25 Гб). 

Перспективтті бағыттар

  • Тиімді технологиялар мен бағалы өнертабыстарға халақаралық патенттік қорғауды  ұйымдастыру (европалық, евразиялық т.б.).
  • Зияткерлік меншік объектілерінің құнын бағалау, оларды материалды емес активтер ретінде бухгалтерлік балансқа тіркеу және коммерциялық пайдалану жұмыстарын жүргізу.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мекемелерінің ғылыми-техникалық зерттеулер мен өндіріс бағыттарына сәйкес «Білім базасын» дамыту.
  •  Жаңа ақпарат технологияларын құру және «Білім базасын» пайдаланушылардың санын арттыру.