ҚР атом өнеркәсібінің инновациялық дамуын қамтамасыз ету

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының атом энергетикасының едәуір дамытуға мүмкіндігі бар. Мемлекетімізде іргелі және қолданбалы зерттеулерді өткізуге болатын өркендеген уран өңдірісі мен қайта өңдеу өнеркісібінің ішкі құрылымы бар. Болашақта, 2020 жылы дейін, Қазақстан, уран байыту және конверсиялау, АЭС-ке қажет ядролық отын өңдіретін дүниежізілік қуаттарда өз үлесін көбейтуді жоспарлап отыр. Жаңа өнеркәсіптерді салу және іске қосу жұмыстары жоспарлаңған. Еліміздің отын түймешіктерді жасап шығарудағы үлесі зор өседі. 2020 жылы дейін, Қазақстан өз жерінде, кемінде бір атом электр станциясын іске қосуға ниетті.

2020 жылға  дейн болжаланған 2011-2014 жылдар аясында Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асыру арқасында:

-          экономиканың әр түрлі салаларында қолданылатын ядролық технологияларды тиімді дамыту;

-          АЭС салынатын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық өркендету жұмыстарын қамтамасыз ету;

-           атом энергетикасы саласында халықаралық қауымдасуды дамыту.

Қойған міндеттемелерді орындау мақсатымен бар интелектуалды және басқа ресурстарды шоғырлау, ғылыми және инженерлік қызметтерді уйлестіру, «адам капиталын»  өсіру және сақтау, атом саласында зерттеме нәтижелерін тездетіп еңгізу, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының атом өнеркәсібін ұзақ мерзімдік бәсекелестікке төтеп беруін қамтамасыз ету ушін таңдаулы ұйымдық және басқарушылық технологияларды игеру және тарату қажет.

Үшінші мыңжылдық компаниясының ең басты қүндылықтары ол қызметкерлердің біліктілігі, «танымал» сауда маркісі, озат технологиялар, корпоративтік мәдениет. Инновациялық жүйенің басты даму факторы интелектуалдық капитал болып табылады. Сонымен қатар инновациялық қызметте кейбір инновацияларды коммерциялау аспектілері, инновациялық удерістің құрылуы мен дамуының мәселелері толық анықталмаған.

Сондықтан инновацияны нәтижелі коммерциялау жүесін құру және басқару механизмдерін дамыту жолындағы ғылыми зерттеулер өте маңызды болып табылады. Атом саласының инновациялық дамуын камтамасыз ету мақсатымен келесі жұмыстарды істеу қажет:

-          Жаңа идеяларды және технологияларды жағымды түрде қабылдау; әр түрлі функционалды инновацияларды құру және еңгізуде ғылыми мағлуматтардың ролі ерекше.

-          Барлық өңдіріс және басқару салаларын тездетілген автоматизациялау және компьютеризациялау, осының нәтижесінде, ғылыми-техникалық прогресті және инновациялық дамуды қолдайтын ақпараттық ресурстар қажетті көлемде қамтамасыз етілген дамыған инфрақұрылымдар пайда болады.

-          Өндірісті қалпына келтірудің және дамытудың кешенді жобаларын тиімді жүзеге асыратын, инновация саласында кәсіпкер кадрларды алдын-ала және қайта даярлайтын озық жүйе құру;

-           Компанияның өңдірістік қызметінде ғана емес, сонымен басқа қызмет салаларында (басқару, білім, мадениет) инновацияны қоса дамытатын  радикалды құрылымдық озгерістерді еңгізу;

-           Қазіргі таңға керекті инновацияларды шапшаң және икемді түрде жүзеге асыратын, жоғары технологиялар негізінде дамыған инновациялық инфрақұрылымдарды қалыптастыру және өңдірістік бәсекелестікті жоғарлататын инновациялық қызмет түрлерін ашу.