Жоғары Технологиялар Институты туралы

«Жоғары технологиялар институты» Жауапкершілігі шектеулі серіптестігі (әрі қарай-ЖТИ) құрылтай  келісім шартына сәйкес, ғылыми, техникалық, технологиялық, оқу мәселесі және Қазақстан Республикасының атом өнеркәсібінің сыртқы ортаны қорғау мәсәлелерін шешу үшін құрылған (Алматы қал.  Әділет басқармасында тіркелген 05 ақпан 2002 ж.).

ЖТИ жалғыз құрылтайшысы «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ болып табылады (100%). ЖТИ ғылыми-техникалфқ өнімінің негізгі тұтынушысы «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ болып табылады, сонымен бірге оның еншілес және тәуелді мекемелері, «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысуымен құрылған бірлескен мекемелер, ҚР Білім және ғылым министірлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР мемлекеттік жетілдіру институттар, жекеменшік компаниялар.

Миссиясы

  • Өз жетістіктерімен қатар өнеркәсіптегі әлемдік деңгейдегі жетістіктерді қолдана отырып өндірістің қазіргі экономикалық және мәдени көрсеткіштерін жақсартатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибелі- құрылымдаулық жұмыстарды, жобалық- құрылымдаулық жұмыстарды, жартылай өнеркәсіптік және өнеркәсіпалды сынақтарды, жаңа технологияларды  ұйымдастыру, өткізу және енгізу;
  • Ғылыми техникалық құжаттарды әзірлеуде ғылыми- техникалық, инжинирингілік және консалдингілік қызметтер көрсету;
  • Ғылыми-техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету; зиялылық меншікті қорғау; жоғарымамандандырылған кадрлерді дайындау.

            Стратегиясы

  • «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мекемелерінің алдын-ала ғылыми-техникалық дамуын қамтамассыз ету үшін техникалық, білім-беру, жобалық және ғылыми қызметтерді біріктіру;
  • Уран өнеркәсібінде және шектес салаларда ең соңғы ғылыми технологиялық зерттемелерді мониторинг, талдау, бейімделу, қолдану және трансферттеу;
  • «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мекемелерінде технологиялық процестерді интенсивтендіру үшін жаңартпалық технологияларды, жаңа материалдарды, аппараттарды, құрал-саймандарды ендіру мақсватымен тәжірибелік технологиялық полигонды дамыту;
  • Sumitomo, Toshiba, BRMG, Areva, CEA, Cambridge University, INES бірлесе отырып, сирек кездесетін және сирек  жер металдар  өндірістерін ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету;
  • Уран өнеркәсібіүшін жоғарымамандандырылған кадрлер дайындау;
  • Білім базасын дамыту (Knowledge Base), жаңа технология арқылы білім мен нәтижелі басқару үшін жаңартпалықты жаңа технологиялар арқылы ендіру (ядролық және тағы басқа білімдерді  жию/іріктеу, жинау, сақтау, талдау, синтез, генерация, арттыру, нысандандыру, тарату және қолдану);
  • «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Зияткерлік меншігін қорғау, бейматериалдық активтерді жасау және комерциализациялау;
  • Шет елдік алдыңғы қатарлы оқу және ғылыми мекемелермен тәжірибелермен, технологиялармен алмасу және ынтымақтасу.

Корпоративтік басқару

ЖТИ басқару және бақылау органдары:

  • Жоғарғы орган- жеке қатысушы «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
  • Басқару органы – Бақылау Кеңесі.
  • Бақылау органы – Ревизор.
  • Атқарушы орган - Бас директор (жеке-дара).

Құрамына ЖТИ-дің және басқа ғылыми-зерттеу институттарының академиктері, ғылым кандидаттары мен докторлары муше болып табылатын кеңесші орган- Ғылыми кеңес жұмыс істейді. Ғылыми кеңесі ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және басқарады, сонымен қатар Қазақстан атом өнеркәсібі дамуының бағдарламасын құрғанда ғылым саласындағы соңғы жетістіктерді қолдануға кепілдік береді.