Ғылыми жетістіктер

ЖШС «ЖТИ»-дің білікті мамандарының ұжымымен уранды өндіру мен өңдеудің жаңа және жетілдірілген технологиялары жасалды, атап айтқанда:

  • Тау-кен кәсіпорындарына ұсынылған сүзгілеудің жаңа техникалық шешімдері негізінде уранды жер асты шаймалаудың геотехникалық алаңдағы өңдеу жұмыстарын қарқындату;
  • Жер астын ұңғымен шаймалау кезіндегі уранды шығарып өндіру процессін қарқындату үшін әртүрлі тотықтырғыштарды қолдану;
  • Уранның ЖҰШ процесін қарқындату тәсілі сутегінің асқын тотығын пайдалану арқылы сынақтан өтті; Шаймалаушы ертінділерді электрохимиялық белсенділендірудің технологиясы;
  • Ионидтерді үсақ түйіршіктеу негізіндегі қарқынды сорбциялау аппараты жасалынды, уранның сорбция , жете қанықтыру және десорбциясының тиімді технологиялық режимдері іріктеп алынып істеп шығарылды;
  • Жоғары сапалы табиғи уранның химиялық концентратын алудың сорбциялы-тұндыру технологиясы;
  • Сорбция және Десорбция Колоннасының (СДК) сорбция –десорбциялы контуры әзірленіп дайындалды;
  • Айналымдағы ертінділерді қоспалардан қарқынды тазалау технологиясы, олардан тағы да уран шығарып алу, денитрация дәрежесін жоғарлатып, аммиак селитрасының дербес шығынын қысқарту;
  • Сорбция процесінің тиімділігін арттыру үшін әртүрлі өндірушілердің ион алмастырғыш шайырларын білікті тестілеу;
  • Уранды өндіріп шығаруда металл ысрабын қысқартып, тауарлы өнімнің сапасын жоғарлату мақсатында экстрагенттердің үш компонентті қоспасын пайдалану;
  • Шайырды тауарлы десорбантпен әбден қанықтырар кезінде белсендірілген сұйықтарды пайдалану; 
  • Уранды жер асты ұңғылап шаймалаудың алдында күкірт қышқылына микроқарқынды әсер беру тәсілі;
  • Өнімді уран ертіндісін өңдеудің технологиялық процессін тиімді ету үшін ультродыбысты қолдану;
  • Химиялы концентратты (сары кек) тұндырып қоюлататын сыртқа тепкіш түріндегі жаңа аппарат;
  • Өңдейтін қондырғылардан алыс қашықтықта орналасқан, магистралды құбырларды орнату мен үрлегіш сорғы жабдықтарын құрастыру көп қаржы шығынын қажет ететін шағын геология қазбаларын өндіріп алуға арналған, өнім ертінділерінен уранды бөліп шығаратын икемді кешен жасалынды;
  • АҚ «ҰАК Қазатомпромөнеркәсіп» кен орындарындағы ілеспе сирек және сирек жер металдарын шығарып алудың технологиясы.

Жаңа материалдарды, инновациялы технологияларды, аппараттарды және технологиялық процестерді қарқындататын жабдықтарды тәжрибелі-өндірістік сынақтан өткізуді қаматамасыз ететін, АҚ «ҰАК Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарындағы тауарлы және ілеспе ( сирек және сирек жерасты металдары) өнімдерінің сапасын жоғарлатып, өзіндік құнын төмендету үшін ЖШС «Степное КБ»-сының базасында тәжрибелі-технологиялық полигон ашылды.

«Жоғары тазалықтағы кварц өндірісін құру» және «Фторидті технологиялар негізінде жылына 100 тонна «күн сапалы» поликристалды кремний өндірудің тәжрибелі-өнеркәсіптік өндірісін ашу» сияқты инвестициялы жобалардың ТЭД-рі жасалды.