25-27 қыркүйек, 2014 ж. Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» - атты VII Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті

Атом индустриясы мен уран өнеркәсібі дамуының бүкілдүниежүзілік беталысы – әлемдік ядролық компаниялар, ғалымдар және атом индустриясы мен атом өнеркәсібінің жоғары білікті мамандарының ғылым мен техника аясында бірігуінің қажеттілігін қарастырады. Осы үдерістің маңыздылығын ескере отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2014 жылы «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» - атты VII ХҒТК өткізді. Оның алаңдарындағы талқыланған мәселелер: уран өнеркәсібіндегі инновациялар; уран өндірісінің болашағының жағдайы және минералды шикізат базасының дамуы туралы мәселелер; уран өндірудің озық технологияларын меңгерудің, уранды өңдеудің, атом өнеркәсібі ушін сирек және сирек жерметалдары элементтерін өндірудің бағдарламасын қалыптастыру және жүзеге асыру; ядролық отын циклдерінің мәселелері. Қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, білікті мамандар даярлау мәселелері және ядролық индустрияның бүкіл кешенінің табысты жұмыс істеуіне қатысты барлық аспектілері қарастырылды.