Қазақстанда ядролық материалдардың сот сараптауын дамыту

Партнерлер:

АҚШ-тың энергетика Министрлігі. NNSA Администрациясындағы қару-жарақты бақылау және таратуға қарсы Бюросы; Халықаралық ғылыми- техникалық орталық (ISTC-ХҒТО).

Техникалық Коллаборатор:

Лоуренц атындағы Ливермор ұлтық зертханасы (LLNL) (Ливермор, Калифорния штаты, АҚШ)

Жоба мақсаттары:

  • Сот сараптауларын сипаттайтын және талдау жүргізетін Қазақстандағы мекемелер арасында ынтымақтастықтарын нығайта түсу. «Казатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ құрамына кіретің Жоғары технологиялар Институты («ЖТИ» ЖШС) мен Ядролық физика институты (ЯФИ) бірлесе отырып үлгілерді іріктеп алып, аналитикалық зерттеулермен қатар уран кендерін, уран концентраттарын және уран түймешіктерін сипаттау және зерттеу қабілеттігін көрсететін жумыстарды жасайды.
  • Ынтымақтастық аясында қазақстандық материалдардың бірегей аналитикалық сипатын анықтау, жаңа немесе бірегей аналитикалық сипатын анықтау әдістерін әзірлеу және енгізу қызметері жүргізіледі.
  • Сот сараптамалары үшін ядролық материалдарды талдау саласында жұмыс атқаратын Жоғары технологиялар Институты сияқты коммерциялық мекемелердің бірегей және нақты рольдерін анықтау.

 Болжамды нәтижелер және олардың қолдануы

1. Уран кенінің концентраттарының элементтік және изотоптық құрамы және уран тотығының отын түймешіктерінің микроқұрылымына зерттеулер нәтижесі негізінде, уран өндірісінің технологиялық өнімінің аналитикалық суреті құрылады. Аналитикалық суреттеридентификациялауға жарамды сипаттамалар таңданылады.

2. ЯФИ және «ЖТИ» ЖШС мамандарына сәйкес талдамалы әдістерге қатысты техникалық оқытулар жүргізіледі, зертханааралық салыстыру арқылы талдамалы зертханалардың мықты және әлсіз жақтары анықталады.

3. ЯФИ негізінде әртүрлі ядролық және радиоактивті материалдар мен бұйымдарға ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін, қазіргі құрал-жабдықтармен, әдістемелер, бағдарламалық өнімдермен және жоғары білікті мамандармен қамтылған, арнайы сараптама тобы күшейтіледі.

4. Iшкі және сыртқы аналитикалық бақылауды қоса алғанда, ядролық сот сараптама нәтижелерінің сапасын қамтамасыз ететін жүйе жасалып енгізіледі.